27 мамыр күні Астанада «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық қорында «Қазақстанның құқықтық алаңындағы интернет: бүгіні мен болашағы» атты қоғамдық тыңдалым өтеді. Шараға Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі қолдау көрсетіп отыр.
Мұнда интернет саласындағы қолданыстағы заңнамалар, халықаралық этикалық стандарттар, құқықтық базадағы өзгерістер, осы бағыттағы сот тәжірибесі, маңызды тәжірибелік мәселелер мен оларды шешудің жолдары сынды тақырыптар талқыға салынады.
Шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, Мәжіліс депутаттары, медиа-сарапшылар, заңгерлер, журналистер және басқалар қатысады.