«Қазгидромет»-тің хабарлауынша, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде яғни, оңтүстік-шығысы мен елдің таулы аймақтарында екпінді жел тұрып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Елдің батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Солтүстік батыста тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде бұршақ жауып, күн күркіреуі мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола және Ақтөбе, Қостанай облыстарында да күн күркірейді. Қостанай облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде де күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарында 2 градусқа дейін күн суытады.