«Махаббатым саған ұқсайды» фильмінің тұсаукесері аясында танымал түрік актері Бурак Озчивит Астанаға келді.
Актер Ұлттық арна эфиріндегі «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» бағдарламасының түсіріліміне қатысуда.
«Сұлтан Сүлейман» телехикаясында Малкочоглу Бали Бей рөлін сомдағаннан кейін Озчивит қазақстандық көрермендердің сүйікті кейіпкеріне айналды.
Актердің қатысуымен өткен бағдарлама Ұлттық арна эфирінен 26 мамыр күні сағат, 23:30-да көрсетіледі.
Бурак - танымал актер, бұрын модель болған. 2005 жылы түріктің ұлттық «Best Model Of Turkey» атты сұлулық сайысының жеңімпазы атанып, ерлер арасындағы «Best Model Of The World» сайысында жүлделі орынды иеленген.
Актер шығармашылық жолын Еуропаның танымал брендтерін жарнамалаудан бастаған.