Өңірдегі жастар бастамаларын дамыту орталықтары жұмыссыз жастар мен студенттерге 326 бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Жазғы маусымда жастарды еңбекпен қамтуға баса назар аударамыз. Қазіргі таңда павлодарлық жастарға жұмыс ұсынуға дайын 12 құрылыс ұйымымен келісімшарт жасалған. Олардың бесеуі - Павлодарда, екеуі - Ақсуда және екеуі - Екібастұз қалаларында. Осылайша, 250 адам құрылысшы, ағаш ұстасы ретінде жұмысқа қабылданады. Еңбекақы шамамен 55 – 70 мың теңге шамасында болады. Басқа да жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізілуде, - дейді Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жетекшісі Наталья Нефедова.
Сондай-ақ, басқарма жетекшісі орталықтар жұмыспен қамту бойынша республикалық мәліметтер базасымен жұмыс істейтінін атап өтті.
Айта кетейік, биыл өңірде 1540 адамнан тұратын 46 студенттік еңбек жасағы құрылмақ.