Бала тіліндегі кемістік неден пайда болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала тіліндегі кемістік неден пайда болады?

23.05.2015
Бала тіліндегі кемістік неден пайда болады?

Бала тілінің кеш шығуы, дұрыс сөйлемеуі, кейбір әріптерді қате айтуы және басқа да кемістіктер – орталық жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты. Яғни,  анасының жүктілік кезінде қабынуы, инфекция жұқтыруы немесе стреске көп түсіп, шошынуы балаға әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ, тіл кемістігі, сақаулық тұқым қуалайды. Ата-анасының тілі кеш шықса, бала да кеш сөйлеуі ғажап емес.

Сондықтан бала туғаннан бастап сөйлесіп, тілі шыққан соң әр әріпті, сөзді қалай айтуын бақылау керек.

Бұл туралы толығырақ бүгін сағат 10:05-те эфирге шығатын «Дауа» телеемханасынан біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу