Бүгін – Ирак Елекеевтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Ирак Елекеевтің туған күні

20.05.2015
Бүгін – Ирак Елекеевтің туған күні

Ирак Қасымұлы Елекеев – 1947 жылы 20 мамырда Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Ганюшкин ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдаған (1977), заңгер-құқықтанушы, ҚР Еңбек сіңірген заңгері, қоғам қайраткері, тележүргізуші.

Заң саласындағы қызметін 1977 жылы Маңғышлақ аудандық сот мүшесі ретінде бастаған. 1980 жылы – Маңғыстау облысы әділет бөлімі басшысының орынбасары, 1988 жылы Гурьев облысының Әділет комитетінің басшысы болды. 1995-1999 жылдар аралығында  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.

1999 жылы - ҚР Парламент Мәжіліс Аппаратының төрағасы, 2002 жылы – ҚР Әділет министрлігінің вице-министрі. 2003 жылдан ҚР Мәжіліс Парламенті төрағасының кеңесшісі. 2004 жылы ҚР Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілдендіру комитеті төрағасының орынбасары. 2008 жылдың қаңтарынан ҚР Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілдендіру комитеті төрағасы.

2009-2011 жылдар аралығында ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты. «Құрмет» орденімен, «Ерең еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ССРО Әділет министрлігінің «Жұмыстағы жетістігі» төсбелгісімен, «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» құрмет белгісімен марапатталған.  Ирак Елекеевке Халықаралық сот қызметкерлер одағы «Жыл адамы» атағын берген. (Франция, 2008).

Хабарламаларға жазылу