«Ол кісі бірде маған: «Балам, менің саған беретін ақылым, жатқан тастың астына су бармайды. Өзің қимылдамасаң, сенен үлкен адам шықпайды»,-деді. Талғат Бигелдиновтің қазақ үшін істеген ісі ерекше болды. Біз жақын араластық. Мені баласындай көрді. Кейін мен Астанаға кеттім. Сонда Алматыға барған сайын ол кісіге соқпай кетпейтінмін»,-дейді Халық қаһарманы.
Талғат Бигелдиновтің туған жеріне қатысты екі түрлі дерек бар. Бірі – Ақмола өңірі десе, екіншісі –Бішкек қаласы. Осы турасында Тоқтар Оңғарбайұлы: «Бұл жағдайды ол кісіден арнайы сұрадым. Сонда Талғат ағам: «Менің туған жерім – Ақмола облысы. Бірақ, кішкентай кезімде, ашаршылық жылдары анам Бішкекке көшіп кетеді. Елден еш құжат алмаған, содан туу туралы куәлікті Бішкекте алған. Құжатқа туған жерін көрсету керек болған соң, Бішкек деп жазып жіберген»,-деді».
«Ғарышқа ұшардың алдында Мен Талғат ағаны көрген де жоқпын. Тек ұшып келген соң ғана, алдына барып: «Генерал Әубәкіров Сіздің алдыңыздан өту үшін келіп тұр»,-дедім. Жас кезінде айтқан сөздері бүгінге дейін есімде екенін жеткіздім. «Енді есіме түсті, сері екенсің!»,-деді. Содан бері Талғат аға екеуміз жақын араласып кеттік. Ол кісі үнемі халық үшін деп жүретін. Үлкен демей, кіші демей, шақырған жерден қалмайтын»,-деп еске алады Тоқтар Әубәкіров.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.