Бүгін, 19 сәуірде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясы сахналанады.
Қойылымда шығармашылық тұлғасы өз алдына, ел ішіндегі жақсыны көре-тани білген, әр шәкіртіне нағыз ұстаз бола білген ұлы ақынның адами тыныс-тіршілігі, зұлымдықпен алысқан, соқтықпалы, соқпақты өмірі суреттеледі.
Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен Абай болмысы ашылады.
Қоюшы режиссері - Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Есмұхан Обаев. Қоюшы-суретші - Ерлан Тұяқов.