Мемлекет басшысы VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады

19.05.2015
Мемлекет басшысы VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады

Қазақстан Президенті 21 мамырда Литваның премьер-министрі Альгирдас Буткявичюсті, сондай-ақ, Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдайды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

22 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Форум «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналмақ.

Шараға 90 елден 3000-ға жуық саяси, сарапшылық және іскерлік топ өкілдерінің қатысуы жоспарланған.

Сонымен қатар, форум аясында Мемлекет басшысының бірқатар кездесулер өткізуі көзделіп отыр.  

Хабарламаларға жазылу