Оралда «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты V халықаралық форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты V халықаралық форум өтеді

19.05.2015
Оралда «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты V халықаралық форум өтеді

29-30 мамыр күндері  Орал қаласында саяси қуғын-сүргін   құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты V халықаралық форум өтеді.

Шараны ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып отыр.

Форумның мақсаты – қасіретке ұшырағандарды есте сақтау арқылы оларға құрмет көрсету. Бұл жоба еліміздің басқа да аймақтарында бес жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Айта кету керек, Қазақстан халқы Ассамблеясы «АЛЖИР», «КАРЛАГ», Алматы және Ақтөбе облыстарында болған лагерьлерде осындай форумдар өткізген болатын. 

Хабарламаларға жазылу