«Біз батырды ұмытпаймыз» атты байқау қорытындысы бойынша еске алу шарасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Біз батырды ұмытпаймыз» атты байқау қорытындысы бойынша еске алу шарасы өтеді

19.05.2015
«Біз батырды ұмытпаймыз» атты байқау қорытындысы бойынша еске алу шарасы өтеді

25 мамыр күні ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің  68665 әскери бөлімінде «Сарбаз – мемлекеттің символы» айдары негізінде «Біз батырды ұмытпаймыз» атты байқау қорытындысы бойынша еске алу шарасы өтеді.

Шараны  «Тәуелсіздіктің ақ таңы» республикалық қоғамдық-саяси журналы редакциясы Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс Министрі, армия генералы, Кеңес Одағының батыры және Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туған күні мен Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырып отыр.

Осыған орай, байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарына I орын  - 70000 теңге, II орын - 50000 теңге, III орын - 30000 теңге қаржылай сыйлық табысталады.

Аталмыш іс-шараға Әскери сала майталмандары,  халық қалаулылары мен БАҚ өкілдері қатысады.

Хабарламаларға жазылу