19 мамыр күні Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Konica Minolta» Kmlab озат технологиясының оқу-зерттеу зертханасы базасының негізінде MPLUS & COMPASS білім беру бағдарламасынан сәтті өткен тұңғыш түлектерді марапаттау салтанаты өтеді.
Игі бастамаға университет басшылығы, «Konica Minolta» (Жапония) трансұлттық корпорацияның Алматы қаласы бойынша аймақтық бизнес-офисінің кеңесшілері, студенттер, магистранттар, журналистика факультетінің оқытушылары мен БАҚ өкілдері қатысады.
Шара барысында баспасөз-конференциясы, студенттердің үздік бизнес-жобаларының тұсаукесері өтеді.
«Konica Minolta» - әлем бойынша суреттің көшірмелерін жасайтын, факс аппараттарын, лазерлі принтерлерді, медициналық фотожабдықтар, оптикалық компонеттер мен өлшеу құрылғыларын өндіретін жапондық танымал холдинг.
«KMLab» оқу сабақтары ағылшын тілінде жүргізіледі. Тыңдаушылар толыққанды басып шығару технологиясы туралы жоғары білім ала отырып, IT-саласы мен басып шығарудың тәжірибесін үйренеді.
«Konica Minolta» (қысқартып алғанда – «KMLab») озат технологиялар оқу-зерттеу зертханасы 2013 жылдың маусым айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде ашылған болатын.