Астана экономикалық форумының тиімділігі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана экономикалық форумының тиімділігі неде?

18.05.2015
Астана экономикалық форумының тиімділігі неде?

21-22 мамыр күндері Астанада өтетін Астана экономикалық форумының негізгі тақырыбы - «Инфрақұрылым – экономика дамуының драйвері».

«Тақырыптың бұлай аталуы да тегін емес. Себебі, экономика тарихына көз жүгіртер болсақ, онда дәл осы инфрақұрылым дамыған және дамушы елдердегі өнімділік пен жұмысбастылықты жоғарылата отырып, экономиканың тұрақты ұзақмерзімді өсуін қамтамасыз ететін фактор екенін байқауға болады»,-дейді Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әсет Ерғалиев.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты да инфрақұрылымның дамуын қарастырады. Инфрақұрылым, бұл экономиканың қан-тамырлары іспеттес.

Жалпы, форумның негізгі мақсаты не? Әлемдік шараға дайындығымыз қалай? Форумда қандай мәселелер қозғалып, қандай тақырыптар талқыға салынбақ?

Бұл сауалдарға бүгін 17:50-де «Өзекжарды» хабарында «Қазақстан экономикалық бастамалар қоры» корпоративтік қорының директоры Бағдат Қадыров жауап береді.

Хабарламаларға жазылу