Ақмола облысындағы жиналмалы темірбетон зауыты ең қымбат құрылыстар қатарына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы жиналмалы темірбетон зауыты ең қымбат құрылыстар қатарына кірді

18.05.2015
Ақмола облысындағы жиналмалы темірбетон зауыты ең қымбат құрылыстар қатарына кірді

Ақмола облысында 2015 жылдың І тоқсаны бойынша тұрғын жайлардан өзге нысандар құрылысына 17 миллиард теңгеден астам  қаражат жұмсалған. 

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге артық.

Облыстағы ұзындығы 35 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы ең қымбат құрылыстар қатарына кірді.

Оның құны аймақ бойынша пайдалануға берілген жалпы нысандар құрылысының 66 пайызын құрайды.

Екінші орында - өндірістік қуаттылығы 107 мың тонна болатын жиналмалы темірбетон және конструкция зауыты.

Құрылыс құны бойынша үшінші орында  жылына 30 мың тонна бидайды сақтауға және өңдеуге арналған элеваторлар тұр, деп хабарлайды ranking.kz.  

Хабарламаларға жазылу