Алматы облысындағы 395 адамға арналған дәрігерлік амбулатория - ең қымбат нысандар қатарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы 395 адамға арналған дәрігерлік амбулатория - ең қымбат нысандар қатарында

18.05.2015
Алматы облысындағы 395 адамға арналған дәрігерлік амбулатория - ең қымбат нысандар қатарында

Алматы облысы - тұрғын жайдан бөлек құрылыстар мен ғимараттар құнының нақты сомасы бойынша республикада алтыншы орында.

2015 жылдың І тоқсанында облыс бойынша пайдалануға берілген нысандар құны 14,8 миллиард теңгеге ұлғайған. Бұл - өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 67 пайызға артық.

Облыстағы ең қымбат құрылыс нысаны  ұзындығы 10 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы.

Екінші орында - бір ауысымда 395 адамды қамтитын дәрігерлік амбулатория.

530 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп ғимараты құрылыс құны бойынша - үшінші орында тұр деп хабарлайды ranking.kz.

Хабарламаларға жазылу