WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBС) президенті Маурисио Сулейман: «Геннадий Головкин Монроны жеңсе, біздің уақытша чемпионымыз болады. Сонан соң, орта салмақтағы Мигель Коттомен WBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін», - деген еді.
Геннадий Головкиннің өзі биыл 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлауда.
Айта кетейік, Геннадий Головкин бүгін кіші Вилли-Монроны 6-раундта техникалық нокаутпен жеңді.