«Өзен жағалағанның өзегі талмайды», деген бар. Бір кездері дүрілдеп тұрған балық шаруашылығы экономикалық дағдарыс жайлаған жылдарда тоқырауға ұшырады.
Халық үшін балық аса қажетті тағамның түрі. Ғалымдардың зерттеулеріне сенсек, әр адам орта есеппен жылына 14,6 келі балық өніміне зәру. Бұл қажеттілікті өтеу үшін балық өсіру, аулау мен импорт көлемін жылына 272 мың тоннаға дейін жеткізу керек.
Отандық балық шаруашылығын жандандыру мақсатында ел үкіметі балық шаруашылығын дамытуға арнайы көңіл бөліп, осыдан бірнеше жыл бұрын ұзақ мерзімді шаралар бағдарламасын қабылдады.
Бұл бастаманың соңғы жылдарда нәтиже бере бастағаны байқалды. Дегенмен, елімізде балық шаруашылығын дамыта алдық па? Балықтың көбеюі жолында жаңа технологияларға жүгінген жөн бе? Әлде табиғи даму дұрыс па? Бүгін 22:15-те «Алаң» ток-шоуын көріңіз.