Маурисио Сулейман: Котто-Сауль Альварес кездесуінің жеңімпазы Геннадий Головкинмен кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маурисио Сулейман: Котто-Сауль Альварес кездесуінің жеңімпазы Геннадий Головкинмен кездесу өткізеді

16.05.2015
Маурисио Сулейман: Котто-Сауль Альварес кездесуінің жеңімпазы Геннадий Головкинмен кездесу өткізеді

Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBС) президенті Маурисио Сулейманның айтуыныша орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) мен IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы кіші Вилли Монроға қарсы жекпе-жек өткізгеннен соң жартылай орта салмақта WBС атағына үміткер атануы мүмкін.

«Геннадий Головкин Монроны жеңсе, біздің уақытша чемпионымыз болады. Сонан соң, орта салмақтағы Мигель Коттомен WBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Егер, Котто мен Сауль Альварес кездесуі ұйымдастырылатын болса, жекпе-жек жеңімпазы Геннадиймен шаршы алаңға шығатын болады», - дейді  Маурисио Сулейман.

Хабарламаларға жазылу