Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 5-ші орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 5-ші орын алды

15.05.2015
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында 5-ші орын алды

Қазақстандық дзюдошы қыздар Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін қытайлық Тайпей құрамасымен күресті. Татамиге алғашқы болып шыққан Ленария Мингазова құрама қоржынына алғашқы ұпай әкелген. Алайда, кейін Назгүл Құбашева (57 келі) мен Мариан Ордабаева (63 келі) қарсыластарына есе жіберді. 70 келі салмақ дәрежесінде төртінші болып күрескен Ділбар Өмірәлиева да қытайлық Тайпей елінің дзюдошысына ұтылып қалды. Ал, соңғы кезеңде Гүлжан Исанова (+78 келі) қарсыласын иппонмен жеңіп, тағы бір ұпай әкелген. Осылайша дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2:3 есебімен қытайлық Тайпейге есе жіберді.

Хабарламаларға жазылу