Астанада «Зерде» аймақтық олимпиадасы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Зерде» аймақтық олимпиадасы өтуде

14.05.2015
Астанада «Зерде» аймақтық олимпиадасы өтуде

Астана қаласы Білім басқармасы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылары арасында І «Зерде» аймақтық математикалық олимпиадасы өтуде.

Олимпиадаға еліміздің әр өңірі жалпы орта білім беру мекемелерінен 5-6 сынып оқушылары қатысуда.

Олимпиада төрт кезең бойынша:

1 және 2-ші кезең – Олимпиаданың 1-ші күні (тестілеу және олимпиада есептерін шешу);

3-ші кезең – Олимпиаданың 2-ші күні (ауызша, 5, 6-сынып оқушыларынан құрылған команда (3 оқушыдан) ауызша есептің шешілуін қазылар алқасы алдында қорғау);

4-ші кезең – команданың жетекші мұғалімдері арасында өткізіледі.

Олимпиадаға Астана, Қарағанды, Павлодар қаласынан және Назарбаев интеллектуалдық мектебінің оқушыларынан құрылған топтар қатысуда.

Олимпиаданың мақсаты - математика, жаратылыстану бағытында қабілеті жоғары дарынды оқушыларды қолдау және дамыту, оқушылардың олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру.

astana.gov.kz 

Хабарламаларға жазылу