Роза Құрманбайқызы: Біздің орталық бүгінде Кореяның ең үздік 20 университетінің ресми өкілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Құрманбайқызы: Біздің орталық бүгінде Кореяның ең үздік 20 университетінің ресми өкілі

14.05.2015
Роза Құрманбайқызы: Біздің орталық бүгінде Кореяның ең үздік 20 университетінің ресми өкілі

«Халықаралық білім беру орталығы Қазақтан мен Кореяның жоғары оқу орындарының білім алмасуына, студенттер,  профессорлармен тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша тікелей байланыстырушы орталық. 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан орталық бүгінде Кореяның ең үздік 20 университетінің ресми өкілі»,-дейді Роза Құрманбайқызы.

«Кореяда оқып келіп жатқан түлектер жұмыспен толықтай қамтамасыз етілген. Оның үстіне Қазақстан мен Корея мемлекеттерінің арасындағы тығыз қарым-қатынастың арқасында елімізде корей компаниялары көптеп ашылуда.  Сондықтан, орталықтың  бұл бағыттағы нәтижесі жоғары»,-дейді орталық менеджері Ботакөз Жұмқазиева.

«Біз Кореяға оқуға баратын әр студентке мамандық таңдауда көмектесеміз. Қазақстанға ең қажет мамандық – техникалық мамандықтар. Мысал, IT-технология, механика, инженерлік мамандықтары бойынша грант алуға көмек береміз».

Халықаралық орталықтың артықшылығы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу