Жан жылуын сыйлаған азамат есімін айтудан бас тартқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жан жылуын сыйлаған азамат есімін айтудан бас тартқан

13.05.2015
Жан жылуын сыйлаған азамат есімін айтудан бас тартқан

Оңтүстік Қазақстан облысының Атақоныс ауылының тұрғыны Ұлбосын жолдасы екеуі де тағдырдың жазуымен мүгедек болып қалған. Қазір бір ұлдары бар.

Ұлбосын құрақ көрпешелер тігіп, ауылдағы ұзатылып жатқан қыздардың жасауын жасап береді. Отағасы бұзылған тоқ шәйнек, теледидар жөндеумен айналысады. Тапқандары күн көруге және пәтерақы төлеуге жетіп жүрген. Жалдап тұратын пәтерді қожайыны сатуға шығарып, бұл отбасына «көшіңдер» деген.

Осыдай кейін Ұлбосын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Жан жылуы» бағдарламасына хат жазған. Ол хатқа өмірінің ащы да тұщы сәттерін түсірген. Бағдарламаның жүргізушісі хаттың қысқаша мазмұнын эфирден оқыды. Ұлбосын хатта тиындап жинаған аз ғана қаражаттары бар, бірақ үйді сатып алуға 800 мыңдай теңгенің жетпей тұрғанын жазған.

Бағдаралама аяқталғаннан кейін екі сағаттан соң редакцияға бейтаныс көрермен хабарласып, үйдің қанша тұратынын және хат жазған адамның телефонын сұрайды. «Қолым тисе барып қайтам»,- деді сөз соңында.

Қазір белглі болғандай ол кісі Ұлбосын тұратын ауылға барып, жағдайды көріп, әлгі үйді сатып алуға қажетті қаражатты тастап кеткен екен. Енді үйлі болған Ұлбосын «Жан жылуына» қайта хат жазып, айтар алғысы шексіз екенін жеткізген. Бұл біздің ғана емес, барша көрерменнің ниет-тілегінің орындалғаны деп білеміз.

Хабарламаларға жазылу