Павлодарда жаңадан салынған «Құлагер» ипподромында өтетін бәйгеге төрт автокөлік тігілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жаңадан салынған «Құлагер» ипподромында өтетін бәйгеге төрт автокөлік тігілді

13.05.2015
Павлодарда жаңадан салынған «Құлагер» ипподромында өтетін бәйгеге төрт автокөлік тігілді

Оның сөзінше, спорт нысанында өтетін алғашқы республикалық бәйге Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған.

«Ипподромның ашылуы өңірдегі ат спортының дамуына елеулі үлесін қосары анық. Жаны жомарт жандар қолдау білдіріп, «Спорт-сити» аумағында «Құлагер» бәйге алаңы бой көтерді. Оның салтанатты ашылуы 16 мамырда өтеді деп жоспарлануда. Сол күні Ресей өңірінің Омбы аймағы мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының шабандоздары өзара төрт көлікті сарапқа салады. Аламан алты бөлім бойынша жүргізіледі», - деді Ардақ Қайырлыұлы.

Құнан жарыста жылқылар төрт шақырымға дейін шабады. Ал, тоқ бәйгенің аралығы - 10 шақырым, аламан бәйгенікі - 16 шақырым. Бұдан басқа сәйгүліктер 1 мың, 1600, 2 мың метрлік қашықтықта бақ сынайды.

 

Фото: pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу