Қостанай облысында белгісіз себептен жаппай қырылған 100 киіктің ұшасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында белгісіз себептен жаппай қырылған 100 киіктің ұшасы табылды

13.05.2015
Қостанай облысында белгісіз себептен жаппай қырылған 100 киіктің ұшасы табылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері Қостанай облысы, Амангелді ауданының Жолабай аумағында белгісіз себептен мерт болған шамамен 100 киіктің ұшасын тапқан.

Бұл туралы облыс әкімдігі, ТЖ департаменті, табиғат қорғау прокуратурасы, Ішкі істер департаменті мен ветеринариялық қызмет мамандары хабардар етілді.

Қазіргі таңда өлген киіктердің нақты санын және жаппай мерт болу себептерін анықтау мақсатында сараптама жұмыстары жүргізілуде.  

 

kostanaytany.kz

Хабарламаларға жазылу