Астана жолдарында 3 мыңнан астам бейнекамера орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана жолдарында 3 мыңнан астам бейнекамера орнатылады

12.05.2015
Астана жолдарында 3 мыңнан астам бейнекамера орнатылады

«Astana innоvations» АҚ хабарлауынша, Елордада көше қиылыстары мен тасжолдарда бейнетіркеу құрылғыларын орнату және іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аталмыш құрылғылар жоғары жылдамдықты ғана емес, белгіленбеген жерде көлікті қою, жол бөлетін сызықтарды кесіп өту, қарама-қарсы бағытқа шығу секілді жол жүру ережесін сақтауды да тіркейді.

Камералардың жоғары сапасы көліктің мемлекеттік нөмірлерін 100 метр қашықтықта, ал инфрақызыл жарықтар арқылы түнгі уақытта 50 метр қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді.

Бейнеталдау жүйесі тіркелген бейнекөріністі операторға жібереді, тіркелген жазбалар заңбұзушылық деп танылған жағдайда ІІД жолданады.

Болашақта аталмыш құрылғылар іздеуге жарияланған көліктерді автоматты түрде іздеуге, жол кептілісін бақылауға мүмкіндік береді, деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу