Әлкей Марғұлан – ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлкей Марғұлан – ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы

11.05.2015
Әлкей Марғұлан – ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы

Қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан жандар аз емес. Соның бірі әрі бірегейі – ғұлама ғалым, профессор Әлкей Марғұлан. Ол қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Жастайынан ғылымға құмар болған ол Ресейде білім алып, 1925-1931 жылдар аралығында Шығыс  институтында, сонымен қатар, Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөлімінде оқыды.

Оның алғашқы ізденісі – Қазақстан мен Алтай халықтарының тарихын зерттеуден басталды.

«Кешегі Кеңестік дәуірде археологиялық мәселелерді жер-жердегі тарихи ошақтардың барлығын зерттеу мақсатында Әлкей Марғұлан зерттеушілер, аспиранттар,  студенттермен шығып,  қазақтың біраз жерін аралады. Сондықтан, Әлкей Марғұланның тарихи бағытта қосқан үлесі бір бөлек, археологиялық еңбегі жеке дара»,-дейді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Еңлік Жұматаева.

Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүрген кезінде-ақ бастаған Әлкей Марғұлан елге келгеннен кейін де көп ізденіп, зерттеулер жасады.

Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Шу, Талас өзендері бойында және Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізді.

 Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу