«Берлин операциясы» қалай жүзеге асты? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Берлин операциясы» қалай жүзеге асты?

10.05.2015
«Берлин операциясы» қалай жүзеге асты?

II Дүниежүзілік соғыстың соңғы  ақиқатын айқындаған «Берлин операциясы» екені анық.  1945 жылдың 1 сәуірінде Сталин Мемлекеттік қорғаныс комитетінің барлық мүшелерін Кремльге жинап, онда Берлинге шабуыл жасау жоспары жасалады. Берлинге шабуылды I-Беларусь,  2-Беларусь, I-Украин майданының әскерлерi жүргiзетін болып келісіледi.

Берлин үшін шайқаста Кеңес әскер­лері 70 жаяу әскер, 23 танк дивизиясын жойып, 480 мың немісті тұтқынға алды. 1,5 мың танк пен 4500 ұшақ талқандалды. Соғыстың соңғы күндерінде Берлинге шабуыл жасау сәтінде Кеңес әскерлері де едәуір шы­ғынға ұшырады.

352475 жауынгер қаза тапты. Хабарсыз кеткендер саны – 78291. Ал, Польша 9 мың жауынгерінен айырылды. Сондай-ақ, Кеңес әскерлері Берлин үшін шайқаста 2156 танк пен 1220 миномет, 527 ұшақты жұмылдырды.

Осы соңғы шайқас Жеңіске ұласты. Бұл соғыс қалай болған еді? Тарихшылар не дейді? Бүгін 11:50-де «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу