Қостанай облысы бойынша ең қымбат құрылыс нысандары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысы бойынша ең қымбат құрылыс нысандары анықталды

09.05.2015
Қостанай облысы бойынша ең қымбат құрылыс нысандары анықталды

Қостанай облысында көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту басым бағыт саналады.

Ұзындығы 29,1 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы - аймақ бойынша ең қымбат құрылыс саналады.

Жолдың құны облыстағы барлық нысандар құрылысының 95 пайызын құрайды.  

Екінші орында - 262 орынға арналған автотұрақ. Үшінші нысан - ауданы 1300 шаршы метрден асатын кеңсе ғимараты. 

Тұрғын жайдан басқа құрылыстардың нақты құнының өсу қарқыны бойынша да Қостанай облысы көш басында. І тоқсанда пайдалануға берілген нысандар сомасы 13,5 миллиард теңгеге ұлғайған, деп хабарлайды ranking.kz.

Хабарламаларға жазылу