Биыл елімізде Жеңістің 70 жылдығы тойланады. Миллиондаған бейбіт тұрғынды жалмаған соғыс туралы кейінгі ұрпақ тек ардагерлердің әңгімелері, мұрағаттарда сақтаулы құжаттар мен деректі һәм көркем фильмдер арқылы ғана біледі. Сондай фильмдердің бірі - батыр Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі туралы «Мергендер» картинасы.
Сұрапыл соғыста асқан ерлігімен көзге түскен батыр қызға арналған туынды 1985 жылы Жеңістің — 40, Әлияның 60 жылдығы тұсында түсірілген-ді. Бір жарым сағаттық әскери драма жанрындағы кинокартинаны түсіруге «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» бірге кірісті. Фильмнің алғашқы көрсетілімі Ленинград қаласында өткен.
Рөлдерде - А.Темирова, М.Яковлева, В.Глаголева. Режиссері - Б.Шамшиев.
Тарихи туындыны бүгін Ұлттық арнадан сағат 01:35-те көре аласыздар.