«Ұлы Жеңіске – 70 жыл». Сұлтан Досмұратов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы Жеңіске – 70 жыл». Сұлтан Досмұратов

09.05.2015
«Ұлы Жеңіске – 70 жыл». Сұлтан Досмұратов

II Дүниежүзілік соғыс басталғанда қазақ даласынан елді, жерді жаудан азат етуге аттанған сан мың жауынгердің бірі – Сұлтан Досмұратов. Ол  әскерге 18 жасында 1942 жылдың  тамызында ауыл мұғалімі болып жүрген жерінен алынады.

Ақтөбеде жасақталған №2 әскери училищенің 6 айлық курсының төрт айын оқып тауыспастан, Сұлтан Досмұратов 1942 жылдың 20 желтоқсанында бірден Мәскеу түбіндегі Прохоров шайқасына тап болады.

1943 жылдың соңында Сұлтан Досмұратов I Беларусь майданына қатысады. Осы тұста жау оғы Сұлтан Досмұратовтың сол жақ аяғына тиіп, екі жерден омырып түседі. Госпитальда дәрігерлердің аяғын тізеден жоғары кесеміз дегеніне: «аяғымды бермеймін, қайтадан соғысқа аттануым керек»,- деп бой бермеген соң, дәрігерлер екі жерден сынған аяқты таңып береді.

Майдангердің ерлігі туралы толығырақ бүгін 12:50-де «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу