«Майдандастар – белгісіз жауынгер» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Майдандастар – белгісіз жауынгер»

08.05.2015
«Майдандастар – белгісіз жауынгер»

Ешқандай соғыс ешбір адам баласына қасірет пен көз жасынан өзге ештеңе де сыйлаған емес. Ер-азаматтар қан майданда толарсақтан саз кешіп, өмір мен өлім арасында арпалысса, соңында  қалған аналар мен балалар тірліктің ауыр тауқыметін арқалап, жесірлік пен жетімдіктің ащы дәмін татты.

Биыл Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Соғысқа кеткен қаншама ер-азаматтың біріне қара қағаз келіп, қан майданда қаза болса, біреулері аман-есен елге оралды. Ал, біреулер жаралы болып оралды. Бірақ, сол майданға аттанғаннан келмек түгілі, еш хабар болмай, мүлдем елге оралмаған жандар да аз емес...

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» белгісіз жауынгерлер тақырыбы аясында ой өрбітеді.

Хабарламаларға жазылу