Отанды қорғау үшін оны сүйе білу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отанды қорғау үшін оны сүйе білу керек

08.05.2015
Отанды қорғау үшін оны сүйе білу керек

Қазақ елін мекен еткен қазыналы қарттар, ақ жаулықты әжелер, қадірлі ата-ана, адал жар, әдепті бала, қимас құрбы-құрдастың бір ғана Отаны бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Туған ел мен жерді қорғау, амандығын тілеу — әрбір адамның азаматтық борышы.

Атамекеннің қадірін биік қоятын қазақ «Отан — отбасынан басталады», деп ерекше дәріптеген. Елбасы бір сөзінде: «Отансүйгіштіктің тәлімін ақсақалдардан алу керек. Қазақстан аға буынның ерлігін еш ұмытпайды. Егер біз Отанды қалай қорғау керектігін есте сақтасақ және ардагерлерімізге жақсы қамқорлық жасасақ, онда болашағымыз бекем болады», -дейді.

Ал, бүгінгі патриотизм немен өлшенеді? Отанды қорғап жатқан азаматтардың хал-жағдайы қалай? Бүгін 12:40-та «Иман айнасы» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу