Қарлығаш Аббасова: «Ана туралы баллада» әніне бейнебаян түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарлығаш Аббасова: «Ана туралы баллада» әніне бейнебаян түсірілді

08.05.2015
Қарлығаш Аббасова: «Ана туралы баллада» әніне бейнебаян түсірілді

«Бүгінде Жеңістің 70 жылдығына орай түрлі концерттік шаралар өтіп жатыр. Мерейтойға қосқан өзіндік үлесім болсын, деп Аманжол Шамкеновтің сөзіне жазылған Жақсыкелді Сейіловтің «Ана туралы баллада» әні дүниеге келді. Осы әнге бейнебаян түсірілді»,-дейді әнші.

«Мен негізі дәстүрлі әншімін, бірақ, эстрадалық бағытта да ән саламын. Әнші болғандықтан, әнді үрегіңмен орындау керек.  Дәстүрлі немесе эстрада деп қатып қалған дүние жоқ.  Екі бағытты да бөліп-жармай, қатар алып жүремін. Себебі, екеуі де халыққа керек».

«Біздің ансамбльде патриоттық әндер басым. Қазір еліміздің бірнеше қаласында концерт беріп келеміз. Ардагерлер өзімізбен бірге ән салып, ерекше әсер алып жатыр. Сахнаға әр шыққан сайын толқу болады. Мұны ел алдындағы, ардагерлер алдындағы жауапкершілік, деп білемін»,-дейді Қарлығаш Аббасова.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу