Деректі журналистика қоры деректі фильмдерге гранттар ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Деректі журналистика қоры деректі фильмдерге гранттар ұсынады

05.05.2015
Деректі журналистика қоры деректі фильмдерге гранттар ұсынады

Толықметражды публицистикалық сипаттағы деректі фильмдерге Bertha BRITDOC Fund for Journalism халықаралық кинематография қоры қолдау көрсетеді.

Байқауға әлеуметтік әділетсіздік туралы немесе назар аударатын аймақтардың белгісіз тарихы туралы түсірілген деректі фильмдер қатыса алады. Толықметражды деректі фильм зерттеу сипатында болуы керек. Сонымен қатар, фильм ұсынатын журналист немесе деректі фильм авторы журналистикада тәжірибесі болуы қажет.  

Халықаралық қор терең ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға, ұзақмерзімді зерттеулерге, толықметражды деректі фильмдерге қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, қолайсыз қоршаған ортада техникалық қауіпсіздікті және төтенше жүк тасымалдау бойынша дәрістер беріп, заңдық көмек көрсете алады.  

 

Хабарламаларға жазылу