Болат Сүлеев – еліміздегі суасты түсірілімін жасаған алғашқы кинооператор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болат Сүлеев – еліміздегі суасты түсірілімін жасаған алғашқы кинооператор

04.05.2015
Болат Сүлеев – еліміздегі суасты түсірілімін жасаған алғашқы кинооператор

Телеоператор Болат Сүлеевтің шығармашылық қоржынында 10-нан астам деректі фильм, 20-ға жуық көркем фильм, бір мультфильм мен режиссерлық жұмысы қалды. Ол 1973 жылы Мәскеудің  ГИТИС-тің кинооператорлар дайындайтын факультетіне келіп түседі.  Оның алғашқы фильмі – «Он екі жасқа толғанда...» болды.

2009 жылы «Қазақфильмде» «Афалинаның қарғуы» атты көркемфильм түсірілді. Осы фильмде Болат Сүлеев еліміздегі суасты түсірілімін жасаған алғашқы кинооператор ретінде танылды. Бұған дейін суасты түсірілімін жүргізу үшін шетелден мамандар шақырылып келген. Бұл да Болат Сүлеевтің дара дарын иесі екенін айғақтайды.

Сонымен қатар, ол ұзақ жылдар бойы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ұстаздық етті. Ал, Астана қаласындағы «Шабыт» университетіндегі кинооператор өнері кафедрасының негізін қалаған осы Болат Сүлеев еді.

Ол түсірілім тобымен жұмыс істей білді. Және ұжымды ауызбіршілікке шақыратын. Режиссердің қалаған кадрын қалт жібермей, экраннан әсерлі көрсете білетін Болат Сүлеев өнерсүйер қауымның есінде мәңгі сақталмақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу