Португалияның Обидуш қаласында шоколад фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалияның Обидуш қаласында шоколад фестивалі өтуде

03.05.2015
Португалияның Обидуш қаласында шоколад фестивалі өтуде

Еуропаға XVI ғасырдың басында Кортес әкелген тәттілік бүгінде көп адамның сүйікті тағамына айналған.  

«Обидуш – кішкентай қала. Сондықтан ол романтикалық саяхаттарға таптырмас жер. Бұл махаббат пен сезімнің мекені. Ал, шоколад – ғашықтардың шырыны. Бізде шоколадпен байланысты көптеген ғашықтық жырлары бар. Мысалы, Педро мен Инестің махаббаты. Сондықтан атақты «шоколатье-кондитерлеріміз» өз жұмыстарын соларға арнайды», - дейді халықаралық шоколад фестивалін ұйымдастырушы Рикарду Рибейру.

Шараға қатысушы Диого Эстевес шоколадтың өте нәзік «материал» екенін айтады. Себебі, егер керек ылғалдылық пен температура сақталмаса, ешқандай жұмыс өнбей, шоколадтан мүсін жасай алмайсыз.

Қазіргі кезде шоколад тек кондитерлік тағамдарда ғана емес, ет рагуына да, көкөніс қосылған тамақтарға да қолданыла береді.  

Обидуштағы биылғы фестиваль осымен 13-ші рет ұйымдастырылған.  

Хабарламаларға жазылу