Леонардо да Винчи әлемге әуелі суретші ретінде атағы шыққан. Бірақ, ол ғалым және инженер шебері ретінде де танымал. Леонардо оң және сол қолымен бірдей жұмыс істей алатын болған. Сонымен қатар, ол зерттеулер жүргізіп, музыка және тамақ дайындауға құштартын.
Леонардо ди сер Пьеро да Винчи (итал. Leonardo di ser Piero da Vinci) 1452 жылдың 15 сәуірінде дүниеге келген. Леонардоның әкесі заң қызметкері, анасы қарапайым қызметкер. Әкесі ұлын заң саласына баулығанымен оның тек сурет салуға қабілеті болатын. Осыны ескерген әкесі суретші Андреа дель Верроккьоның қоластына оқуға жібереді.
Андреа дель Верроккьодан сабақ алған Леонардо бүгінде «Мадонна Лита», «Дама с горностаем» және ең атақты «Мона Лиза» картинасының авторы.
Леонардо кескіндеме суретпен көп айналыспаған. Табиғатты, реализмді көбірек бейнелеген. Леонардо ешқашан теориялық пікірталастарға мән берген емес.
1516 жылы Франция патшасының шақыруымен Леонардо патшаның жеке суретшісі, инженер және сәулетшісі болып тағайындалды.
Атақ алғаннан соң Леонардо сурет салуын азайтып, шеберлік сабақтарын өткізумен, мерекелік шараларды ұйымдастырумен, сарайдың жаңа сызбасын дайындаумен айналысты.
Леонардо қайтыс боларынан 2 жыл бұрын денсаулығы нашарлай бастап, 1519 жылдың 2 мамыр күні қайтыс болды. Ол Францияның Амбуаз қаласында жерленген.
Оның құлпытасында: «Леонардо да Винчи, Франция патшалығының ұлы суретшісі, инженер және сәулетші болған», деп жазылған.
Леонардо да Винчидің өмірінің соңына дейін шәкірті мен досы Франческо Мельци жүрген. Оның түрлі тақырыптар бойынша картиналары, құжаттарының түпнұсқаларының 50 мыңға жуық түп нұсқасы қалғанымен осы күнге дейін үштен бірі ғана жектен.