IJNet және Radix Registry компаниялары 25 журналиске тегін домен атауын сыйламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IJNet және Radix Registry компаниялары 25 журналиске тегін домен атауын сыйламақ

02.05.2015
IJNet және Radix Registry компаниялары 25 журналиске тегін домен атауын сыйламақ

Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні (3мамыр) қарсаңында, IJNet және Radix Registry компаниялары бірлескен жобасын жарияламақ. Жоба аясында әлемнің 25 журналиске тегін домен атауын сыйлау қарастырылған.

Озық домендерді ұсынатын Radix Registry компаниясының .press домен атауымен журналистер, блогерлер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы startup-тар желіге жеке URL мекенжайы арқылы шыға алатынын айтады.  

Көптеген тәуелсіз және кәсіби журналистер мен редакторлар қорғалған .press доменін иемденген.

Сонымен қатар, домендік атаудан бөлек, веб-сайтты құру үшін тегін құралдар жиынтығы, қосылған визуалды редактор, кірістірілген тақырыптар, электронды бизнесті жүргізу үшін опциялар, хостинг пен талдауларға арналған құралдар жиынтығын ала алады.

Бірінші жылы сайт тегін жұмыс істейді, одан кейін сайт жұмыстары стандартты тарифтер бойынша ұзартылуы мүмкін.

Егер, домен атауын жеңіп алғыңыз келсе, төмендегі сілтемеге өтіп, электронды мекенжайды қалдыруға болады. Жеңімпаздар 4 мамырда анықталады.

https://docs.google.com/forms/d/1aV-PliFnRhhSZveLZOvS659BbyUDFm7BQGY81DXxAq0/viewform

Фото: ijnet.org

Хабарламаларға жазылу