«Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді», демей ме қазақ? Бүгінде береке-бірлігі жарасқан түрлі этнос өкілдері Қазақ елі атты киелі шаңырақ астында бірге ғұмыр кешуде.
Ортақ Отанның өркендеуінің, ел іргесінің берік болып, тыныштық сақталуының алғышарты – қашанда татулық.
Ол – ақшаға да, алтынға да сатып алуға болмайтын ұлы игілік. «Айтуға оңай...» бүгін 21:05-те ынтымақ пен бірлік мерекесіне орай қазақ тілінде еркін сөйлей алатын түрлі этнос өкілдерін студияға шақырады.