Бүгін Алаш жұрты әнші Батырхан Шүкеновті ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алаш жұрты әнші Батырхан Шүкеновті ақтық сапарға шығарып салды

01.05.2015
Бүгін Алаш жұрты әнші Батырхан Шүкеновті ақтық сапарға шығарып салды

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, БҰҰ балалар қорының ерікті елшісі Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ Ұлттық филармониясында өтті.

Қаралы жиында қала әкімі Ахметжан Есімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көніл айту жеделхатын оқыды.

Әншімен қоштасуға еліміздің қоғам қайраткерлері мен танымал өнер жұлдыздары келді.

«Біз қазақ эстрадасының жарық «жұлдызы», дарынды өнер иесі Батырхандай ұлымыздан айырылып қалдық. Ол атына зай сай азамат еді. Батыр өзінің таланты мен қажырлы еңбегінің арқасында дүниежүзі танитын музыкантқа айналды. Ол күллі әлемге қазақ деген ұлт бар екенін, қазақтың музыкасының бүгінгі деңгейі жоғары дәрежеде екенін көрсетті. Баршаңыздың қайғыларыңызға ортақпын. Мен әрқашанда Батырыммен мақтанып өтемін», - дейді ұстазы Роза Рымбаева Қазақ радиосына берген сұхбатында.

Марқұмның денесі Кеңсай зиратында жерленді.

Хабарламаларға жазылу