Соғыс ардагерлері ТМД елдері аумағында пойыздарда тегін жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соғыс ардагерлері ТМД елдері аумағында пойыздарда тегін жүреді

30.04.2015
Соғыс ардагерлері ТМД елдері аумағында пойыздарда тегін жүреді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы 2015 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін II Дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектері үшін жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру мүмкіндігін ұсынады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара аясында майдангерлер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аумағында теміржол көліктерінің барлық санаттары мен бағыттарында (баратын елді мекенге дейін және кері қарай) тегін жүре алады.

«Ардагерлер қала маңы пойыздарымен қатар, «Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Турист» вагондары мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған купелерде де тегін жүреді», делінген хабарламада.

ТМД елдеріне сапарлау үшін билеттер Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан теміржол кассаларында ресімделеді. Ол үшін өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар соғыс ардагері немесе мүгедектігі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.

Хабарламаларға жазылу