«Ордабасы Құс» - еліміздегі күркетауық етін өндіретін алғашқы фабрика - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ордабасы Құс» - еліміздегі күркетауық етін өндіретін алғашқы фабрика

30.04.2015
«Ордабасы Құс» - еліміздегі күркетауық етін өндіретін алғашқы фабрика

«Ордабасы Құс» қазіргі заманғы күркетауық фабрикасы 2010 жылдың соңында іске қосылған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кешен республиканың агроөнеркәсіп саласындағы  күркетауық еті өндірісі бойынша алғашқы жоба.

Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізілген нысанның жалпы құны 5,5 миллиард теңгені құрайды. 

Қазіргі таңда, «Ордабасы Құс» фабрикасы 30 түрлі өнім шығарып отыр. Алдағы уақытта бұл көр­сеткішті 100-ге дейін жеткізу жос­парда бар. Шығарылатын өнім Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Алматы, Астана қалаларына сатылады. Сондай-ақ, Ресейге де экспортталады.

Ұлыбри­танияның Оксфорд қаласында Еуропалық сапа сертификатын, Париж қаласында Тәуелсіз қо­ғамдық сапа жөніндегі бір­лестіктің алтын медалін, «Қа­зақстанның үздік тауары» атылымын екі жыл қатарынан жеңіп алған фабриканың тыныс-тіршілігі туралы бүгін 19:10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу