Мұқағали Мақатаев жүлдесін Шерхан Талап алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұқағали Мақатаев жүлдесін Шерхан Талап алды

30.04.2015
Мұқағали Мақатаев жүлдесін Шерхан Талап  алды

Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған ақындардың «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сайыста  республикамыздың түкпір-түкпірінен 20-30 жас аралығындағы  20  ақын бақ сынады. Қатысушылар байқау шарты бойынша Мұқағалиға  арнау және тіл тақырыбына арналған өлеңдерін оқыды.

Қазылар алқасына  Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Жанарбек Әшімжан төрағалық етті.

Бас жүлде - Шерхан Талап (Алматы)  

1 орын -  Жарқынбек Амантай (Павлодар)

2 орын - Сырым Әуесхан (Астана),  Ұлықбек Тәңірберген (Қызылорда)

3 орын  - Алтынбек Алибаев  (Маңғыстау), Жақыннұр Болысхан (Қарағанды),  Думан Алтынбекұлы (Талдықорған)

Сонымен қатар, «Арнайы жүлде» және ынталандыру сыйлықтары да табысталып, қатысушылардың барлығы жүлдемен қайтты.

Айта кетейік, биылғы байқау облыс әкімінің қолдауымен 5-ші рет өткізілді. Шара мақсаты - Мұқағалидың қуатты да көркем шығармаларын насихаттау, ұлы ақын мұрасы арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас талантты ақындарды таныту, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Хабарламаларға жазылу