Онкологиялық ауруларды емдеу мүмкін бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онкологиялық ауруларды емдеу мүмкін бе?

28.04.2015
Онкологиялық ауруларды емдеу мүмкін бе?

Бүгінде онкологиялық аурулар төрткүл дүниедегі өзекті де күрделі проблемалардың бірі. Онкологиялық  ауруды  емдеудің  көптеген теориясы  бар. Әлем   ғалымдары  обыр  ауруының  себебін  анықтауға  және емдеудің тиімді жолын табуға талпынуда.

Әзірше  онкологиялық  ауруларды  емдеу жүйелі  және жоғары  ғылыми  анықтаманы   талап етеді. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын елімізде 17 мыңға жуық адам асқынған аурудан қайтыс болады екен.

Бірақ, біздің елде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының нәтижесінде онкологиялық аурулар арасындағы өлім-жітім біршама азайғанын айта кету керек. Мұны медицина мамандары да растап отыр.

Қазіргі заманда обырды түбегейлі емдеу мүмкін бе? Бұл дерттің алдын алу жолдары қандай? Бүгін 17:50-де «Өзекжарды» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу