Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Испания ақыны Хусто Хорхе Падронның «Тозақ шеңберлері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Испания ақыны Хусто Хорхе Падронның «Тозақ шеңберлері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді

28.04.2015
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Испания ақыны Хусто Хорхе Падронның «Тозақ шеңберлері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді

29 сәуірде Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Испания ақыны Хусто Хорхе Падронның тұңғыш рет испан-қазақ тілдерінде жарық көрген «Тозақ шеңберлері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Шараға Испан Пен клубының бас хатшысы, Неополитан және Малларме Париж академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа ақындары фестивалінің негізгі құрылтайшысы Хусто Хорхе Падрон, Испанияның Қазақстандағы елшісі Мануэль Ларротча, Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және осы кітапты қазақшаға аударған ақын, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Поэзия әлемі» бағдарламасының продюсері Танакөз Толқынқызы қатысады.

Хусто Хорхе Падрон 1943 жылы Испанияның Лас-Пальмас провинциясында дүниеге келген. Барселона, Париж, Стокгольм, Осло қалаларында білім алған. Испан тілі Король академиясының «Фастенрат» сыйлығымен, Швед академиясының жүлдесімен  марапатталған.

Хабарламаларға жазылу