Бүгін Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қамал Низамұлы қонақта болды. Ол хабар барысында кеше елімізде өткен президенттік сайлау туралы өз ойымен бөлісті.
«Кеше тарихымызда үлкен оқиға болды. Сайлаушылар жауапкершілікті сезініп, өзінің азаматтық борышын орындау үшін сайлау учаскелерінде кезекте тұрды. Халықтың сайлауға қатысуы әлемді таңқалдырып отыр», - дейді Қамал Низамұлы.
Мәжіліс депутаты сайлауға жастардың белсене қатысқанына таңданғанын айтады.
«Кеше сайлауға барғанда таңдандым. Жастарымыз көп болды. Сондықтан, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі – халықтың жеңісі болды», - дейді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпан» бағдарламасынан тыңдай аласыздар.