Тері қышуы денсаулыққа аса қауіп туғызбаған жағдайда, халықтық тәсілдер арқылы емдеу жүргізіледі.
Алкоголь
Терінің қышыған орнын спирттелген дәкемен тазарту. Спиртті ішімдік болмаған жағдайда, сабын мен су да көмектеседі.
Лимон шырыны - тері қышуын басудың табиғи, бактерияға қарсы жолы. Жаңадан сығылып алынған шырынды жақсаңыз, терінің қышуын басумен қатар, жұғудың алдын алады.
Мұз. Тері ісігін және жеңіл ауырсынуды басу үшін қолданылады. Ал, маса шаққан жағдайда суық душ қабылдаған абзал.
Ас содасы - тиімді және жеңіл тәсіл. Ас содасын сумен араластырып, терінің қышыған жерінде 15 минут ұстау қажет.
Тіс пастасы. Тері қышуын жылдам басудың тағы бір жолы - жалбыз сығындысынан жасалған тіс пастасын жағу.
Тұз. Теріңіздің қышыған жерін судың аз мөлшерімен жуып, соңынан тұз себіңіз. Мұндай жағдайда теңіздің тұзды суына шомылу да көмегін тигізеді.
Алоэ. Жаңа өсіп шыққан алоэ өсімдігінің салқындатқыш әсері қышуды басып, терінің жазылуына көмектеседі.
Банан қабығы. Терінің қышыған жерін банан қабықшасының ішкі жағымен сүрту қажет. Банан қабығының құрамындағы қант теріні тыныштандырып, қышуды басады.
Тері қышуы - бауыр ауруы жағдайында жиі болатын тері патологиясы.
Оның пайда болуының алғашқы себебі қан сарысуы құрамындағы өт қышқылы мөлшерінің көбеюі және бауырдың зақымдануы.
Тері қышуының алдын алу үшін диета ұстау (пайда болу себептеріне байланысты) және күніне холестираминнің 8-10 г. мөлшерін қабылдау қажет.
medikforum.ru