Италиялық қоюшы режиссер А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсын қыркүйек айында «Астана Опера» сахнасында қояды.
Джанкарло Дель Монако «Абай» операсын қолға алмас бұрын қоюшы қазақ халқының тарихымен танысқан. Ол Абайдың тау тұлғасын оны суреттегілердей жаңаша сомдауды көздемейтінін атап өтті. Негізгі мақсат – сан қырлы тұлғаның асқақ рухани байлығын жеткізу.
Спектакльдің сценографиясын танымал итальяндық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франка Скуарчапино, сонымен қатар қазақстандық мамандар әзірлейді.
Қоюшылардың ойластыруы бойынша сахна барынша ашық болады, сахнаның 20 метрлік кеңістігі көрініске жұмыс жасайды.
«Абай» операсының қоюшы дирижері - Алан Бөрібаев.
Қойылым екі актіден және бес көріністен тұрады.