Саябақ аумағында барлығы 5 киіз үй тігіліп, «Шаңырақ көтеру» дәстүрі көпшіліктің назарына ұсынылады. Шаңырақ көтеру – ұлтымыздың біртұтастығын, кемеңгерлігін, еңбекқорлығын көрсетеді. Этноауылға келген барлық қала тұрғындары өз қолдарымен киіз үй құрап, көшпенді халықтың үй тұрғызу мәдениетімен танысады.
Этноауылдың ерекшеліктерінің бірі - шеберлер үйі. Шеберлер үйінде ұлттық әшекейлер мен бұйымдар қойылады. Қонақтар қолөнер шеберлерінің кілем тоқып, зергерлік бұйымдарды соғып, ағаштан бұйым жасағандарын тамашалай алады.
Тағы бір ерекше киіз үй – саятшылар үйі. Мұнда көшпелі халыққа тән аңшылық өнердің қыр-сырымен танысуға болады.