Бұл машина Токиодағы тамақтану орындарының біріне қойылмақ. Оның міндеті – қонақтармен амандасып, олардың көңілін көтеру.
Айко Тихира есімді роботты жасап шығаруға 10 ай уақыт кеткен. Оның есімі бірнеше сөздің бірінші иероглифтерінен құралған. Мысалы, Тахира «жер» және «бейбітшілік» сөздерінің бастапқы иероглифтерінен құралса, Айко – ағылшын тіліндегі «идея» (idea) сөзінің бірінші буыны екен.
Айта кетейік, робот қолымен түрлі қимыл көрсетіп, басын иіп, сондай-ақ, бұрыла алады.